Шиен ауылдық округінде «Конституциялық реформа: қоғамдық диалог және жаңа бастамалар» тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды.
Жиын барысында Конституциялық реформалардың негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда:
✔ азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту
✔ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру
✔ билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайту
✔ қоғамның саяси белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, реформалардың ел дамуына қосар үлесі, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әділетті қоғам қалыптастырудағы маңызы ерекше атап өтілді.
Кездесу соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Конституциялық реформалар – ел болашағы үшін маңызды қадам екені айтылып, түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатыны жеткізілді.
#референдум2026
#ЖаңаКонституцияҮшін
#ЗАновуюКонституцию
#АтаЗаң
#15наурыз #АтаЗаңдыҚолда
