2026 жылғы 15 наурыз күні Іле ауданына қарасты Байсерке ауылындағы №361 референдум учаскесінде «Шин-Лайн» компаниясының қызметкерлері ұжым болып келіп, республикалық референдумда өз таңдауларын жасады. Кәсіпорын қызметкерлері маңызды саяси науқанға бейжай қарамай, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті.
Еңбек ұжымы дауыс беру учаскесіне бірлесе келіп, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауда әр азаматтың пікірінің маңызы зор екенін атап өтті. Ұжым мүшелері үшін референдумға қатысу – елдің дамуына деген жауапкершілікті сезінудің және ортақ болашаққа бейжай қарамаудың айқын көрінісі болды.
Ұжым атынан сөз сөйлеген Улан Боранбаев референдумның маңыздылығына тоқталып, әрбір азаматтың мұндай маңызды қоғамдық-саяси шараларға белсенді қатысуы елдің ертеңі үшін аса маңызды екенін айтты.
«Біз бүгін дауыс беруге ұжым болып келдік. Себебі бұл күннің маңызы ерекше екенін жақсы түсінеміз. Әрбір азаматтың қатысуы – еліміздің болашағына қосқан үлесі. Сондықтан барлығымыз азаматтық борышымызды орындап, өз таңдауымызды жасауды жөн көрдік», – деді ол.
Дауыс беру рәсімінен кейін кәсіпорын қызметкерлері референдум учаскесінде болып жатқан шаралармен танысып, бір-бірімен пікір алмасты. Олардың айтуынша, мұндай маңызды күндері қоғамдағы бірлік пен жауапкершілік ерекше сезіледі.
Жалпы, Байсерке ауылында өткен референдум барысында тұрғындардың белсенділігі жоғары болды. Әсіресе түрлі мекеме мен кәсіпорын ұжымдарының ұйымдасқан түрде келіп, дауыс беруі азаматтық жауапкершіліктің жоғары деңгейде екенін көрсетті. «Шин-Лайн» компаниясы қызметкерлерінің ұжымдық түрде қатысуы да референдум күніндегі белсенділіктің жарқын үлгелерінің бірі болды.
«Шин-Лайн» қызметкерлері референдумда ұжым болып дауыс берді

