Суббота, 20 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарШомылу маусымында жағажайларға қойылатын талаптар белгілі болды

Шомылу маусымында жағажайларға қойылатын талаптар белгілі болды

Бұл туралы баспасөз брифингінде Алматы облысының санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Исмаилов Марат мәлімдеді.

ДДҰ сарапшыларының мәліметінше әлемдегі барлық аурулардың 80 пайызы судың сапасы мен сумен жабдықтаудың санитарлық-гигиеналық нормаларының бұзылуына байланысты екені анықталды. Салдарынан тұрғындар патогендермен ластанған тіршілік нәрінен туындаған іш сүзегі, тырысқақ, дизентерия, полиомиелит, гастроэнтерит, А вирустық гепатитіне шалдығады. Бұдан бөлек, тері мен шырышты қабықтың аурулары, суда тіршілік ететін моллюскалар тудыратын шистосоматоз және ришта, безгек, сары безгекпен ауруы мүмкін.

«Судан шыққан ең қауіпті ішек ауруы- тырысқақ. Көптеген вирустық ауру су арқылы таралады. Бұл инфекциялық А гепатиті (Боткин ауруы), полиомиелит, аденовирус және энтеровирустық инфекциялар. Сондықтан су орындары бақылауда. Өңірде 96 үлкен және кіші демалыс орны бар. Оның 50 — Қонаев қаласында, 35-і Үйғыр ауданында, 6-ы Талғар ауданында, 4-і Еңбекшіқазақ ауданында, 1-і Балқаш және Іле аудандарында, сонымен қатар 101 бассейн тексеріліп тұрады»,- деді департамент басшысы.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жыл сайын шомылу маусымы басталғанға дейін және бүкіл кезеңінде су қоймаларының суы мен жағажайлардағы құмның талаптарға сәйкестігіне зертханалық зерттеулер жүргізеді.

Биыл су қоймаларынан 261 су сынамасы және санитарлық-химиялық, микробиологиялық және паразиттік көрсеткіштерге 40 топырақ сынамасы алынды. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша үлгілер санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келді.

Жалпы демалыс орындары  ҚР ДСМ 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» бұйрығының талаптарына сәйкес келуі тиіс дейді мамандар.

Брифингте Марат Исмаилов тұрғындарға шомылу кезеңінде сақ болуға шақырады. Ашық су қоймаларының суы ішуге жарамсыз, сондықтан оны тұтынуға, жемістерді, көкөністерді, ыдыстарды жууға, ауыз қуысын шаюға болмайды. Балаларға судың температурасы кемінде 20 градус және сыртқы ауа +23 градус болғанда шомылу ұсынылады.  Су қоймасының түбі құмды, балдырлардан бос болуы шарт.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments