Атамекен

Ыбраймова Гульнар Рыскелдиевна

1964 жылы 28- ақпанда Алматы облысы Жамбыл ауданы Шиен аулында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін Алматы қаласындағы 3-інші кәсіптік техникалық тігін училищесін бітірді. 1981-жылдан бастап Бозой ауылында тігінші мамандығы бойынша тігін комбинатында жеңіл киімдер тігетін тігінші болды. 1990 жылдан «Жауқазын» балабақшасында тәрбиеші көмекшісі болып,1995-жылға дейін жұмыс істеді. Сол кездегі тоқырау заманында ,совхоз тарап, жұмыссыздық басталғанда, Шиен ауылына отбасымен көшіп келіп , 1998-жылдың қаңтар айынан бастап, «Қарлығаш» балабақшасында музыка жетекшісі болып ,қазіргі уақытқа дейін үздіксіз осы бақшада жұмыс істейді. «Бұлақ көрсең көзін аш»- деп мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді ән айту, би билеу, сахнаға, өнерге баулып, шығармашылық талаптарын оятып, Отансүйгіштік,туған жерге,елге деген сезімдерін қалыптастырып жүрген педогог.

Exit mobile version