Четверг, 25 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарЫнтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

 

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Еркін ауылындағы №11 Есжан Берліқожаев атындағы орта мектеп арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Зияткерлік мектебінің директоры Виктор Сосин мен №11 орта мектеп директоры Ерлан Еркінбековтың кездесуі NIS қабырғасында өтті.

Меморандум аясында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту, қоғамға қызмет етуге бағытталған әлеуметтік жобаны жүзеге асыру, волонтерлік қозғалысты кеңейту және оқушылардың жаһандық жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды.

Биылғы жылы «OFFLINE ENGLISH» жаңа әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жоба бойынша Зияткерлік мектебінде ауыл мектебінің оқушыларына аптасына бір рет ағылшын тілі оқытылады. Оқыту ойын, жаттықтыру түрінде өтеді және «тең-теңімен» қағидасы ұстанылады. Сонымен қатар  жобаны жүзеге асыруға  шетел мұғалімдері де тартылған.

Бүгінгі таңда Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің серіктестері Есту қабілеті нашар және естімейтін балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты, «Айналайын балалар үйі», «Бәйтерек» күндіз болу орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Облыстық мамандандырылған балалар үйі, Аналар үйі, Ардагерлер үйі және Ескелді ауданы Мәншүк Мәметова атындағы орта мектебі болып табылады.

 

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments