Алматы мен Астанада бензин мен дизель отыны бағасы Энергетика министрлігінің бұйрығы күшіне енгеніне қарамастан бұрынғысынша қалды.
Алматы қаласындағы Sinooil жанармай құю станцияларында бүгінгі баға мынадай:
- АИ-92 — литріне 182 теңге;
- АИ-95 – 217 теңге;
- АИ-98 – 235 теңге.
Дизель отыны литріне 230 теңгеден сатылып жатыр.
Жанармай құю бекетінің қызметкерлері баға жақын арада көтерілетін не көтермейтіні жөнінде мәлімдеме жасамады.
Астанадағы «ГазПромНефть» жанар-жағармай құю станциялары желісінде жанармай құнының алматылық бағадан көп айырмашылығы жоқ. Мұнда да АИ-92 литріне 182 теңгеден, АИ-95 — 219 теңгеден, АИ-98 230 теңгеден сатылып жатыр. Ал, дизель отынының литрі — 450 теңге.
Еске салайық, 12 сәуірде кешке Энергетика министрлігінің Қазақстанда бензин мен дизель отынының шекті бөлшек сауда бағасы туралы бұйрығы күшіне енгені белгілі болды. Құжатқа сәйкес шекті бағалар:
- АИ-92 және АИ-93 бензиндері үшін литріне 205 теңгеге дейін;
- дизель отынына литріне 295 теңгеге дейін