Референдум күні Іле ауданында орналасқан референдум учаскелерінің бірінде «Ана бейнесі» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Көрмеде ананың мейірімі мен қоғамдағы маңызды рөлін бейнелейтін фотосуреттер мальберттерге орналастырылып, келушілер назарына ұсынылды.
Фотокөрме учаскеге келген тұрғындардың назарын аударып, отбасы құндылықтары мен анаға деген құрметтің маңызын айшықтай түсті. Келушілер көрмені тамашалап, өз әсерлерімен бөлісіп, ананың қоғамдағы орны туралы жылы пікірлерін білдірді.
Сонымен қатар, көрме арқылы ананың мейірімі мен тәрбиесінің маңыздылығы тағы бір мәрте насихатталды.
Көрмені тамашалауға келген тұрғындар фотосуреттер арқылы анаға деген құрмет пен отбасының берекесін бейнелейтін ерекше сәттерді көріп, жылы әсер алғандарын айтты. Мұндай шаралар қоғамда отбасы құндылықтарын насихаттауға үлкен үлес қосатыны атап өтілді.
Іле ауданында «Ана бейнесі» фотокөрмесі ұйымдастырылды
RELATED ARTICLES


