Site icon ATAMEKEN

ІЛЕ АУДАНЫНДА ЖАҢА ДЕМАЛЫС ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

 

Іле ауданында кәсіпкерлік пен инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Соның нәтижесінде аудан аумағында тағы бір заманауи демалыс және сауықтыру нысаны пайдалануға берілді.

Бүгін Байсерке ауылында «Asau Royal Spa» демалыс және сауықтыру кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Іле ауданы әкімінің орынбасары Мұхамедғаріп Құрманғалиев қатысып, жаңа жобаның өңір үшін маңыздылығына тоқталды.

Жобаның жалпы инвестициялық құны 850 млн теңгені құрайды. Кешеннің іске қосылуы нәтижесінде 60 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылып, аудан тұрғындарын жұмыспен қамтуға мүмкіндік жасалды.

«Asau Royal Spa» – заманауи талаптарға сай жабдықталған демалыс және сауықтыру кешені. Нысан тұрғындар мен қонақтарға сапалы қызмет ұсынып қана қоймай, Іле ауданының туристік әлеуетін арттыруға және қызмет көрсету саласының дамуына оң әсерін тигізеді.

Бүгінде Іле ауданында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы жаңа өндіріс орындары мен қызмет көрсету нысандарының саны артып келеді. Бұл өз кезегінде экономиканың тұрақты дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етуде.

Іле ауданы әкімдігі жаңа кәсіпорын ұжымына табысты жұмыс, тұрақты даму мен келушілерге жоғары деңгейдегі қызмет тілейді.

Exit mobile version