Site icon ATAMEKEN

Іле ауданында референдум барысы туралы ақпарат берілді

Іле ауданында республикалық референдумның өту барысы туралы тұрғындарға тұрақты түрде ақпарат беріліп жатыр. Референдум учаскелерінде дауыс беру процесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ашық әрі ұйымдасқан түрде өтуде.
Таңертеңнен бастап аудан тұрғындары референдум учаскелеріне келіп, белсенді түрде өз таңдауларын жасауда. Учаскелерде азаматтардың дауыс беруіне барлық қажетті жағдайлар жасалып, комиссия мүшелері дауыс беру рәсімінің талапқа сай өтуін қамтамасыз етуде.
Комиссия төрағасы Жабиева Ляззат Даулетқызының айтуынша, референдум учаскесіндегі дауыс беру процесі қалыпты жағдайда, ешқандай кедергісіз өтіп жатыр. Сонымен қатар учаскеде қоғамдық тәртіп сақталып, тұрғындарға қолайлы жағдайлар қарастырылған.
Жалпы, референдум учаскесіндегі дауыс беру жұмыстары заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, азаматтардың өз таңдауларын еркін білдіруіне мүмкіндік жасалған

Exit mobile version