Бүгін, 3 қыркүйекте Іле ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті жалпыаудандық санитарлық тазалық сенбілігі өтті.
Тазалық шарасына аудан бойынша 3 465 адам қатысып, 31 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында елді мекендердегі қоғамдық аумақтар, көшелер мен жол жиектері тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде жалпы көлемі 31 гектар аумақ қоқыстан тазартылып, 70 тонна тұрмыстық және қатты қалдық арнайы орындарға шығарылды.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары Іле ауданында тұрақты негізде жалғасуда.

