Іле ауданында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Соның бір көрінісі – аудандық футбол чемпионаты. Аталған жарысқа ауданның ауылдық округтерінен құралған командалар қатысып, маусым бойы өзара мықтыны анықтап келеді.
1 тамыз күні чемпионаттың кезекті, 12-туры өтеді. Бұл кезеңде турнирлік кестедегі орындар үшін тартыс одан әрі қыза түспек. Әрбір ұпайдың маңызы артып, командалар жеңіске жету үшін бар күш-жігерін салуға ниетті.
12-тур аясында Боралдай командасы Байсеркемен, Ащыбұлақ Ақши командасымен, Асқар Тоқпанов ауылының командасы Ақсаймен, ал Байкент Өтеген батыр командасымен кездеседі. Бұл турда Қараой командасы демалады.
Барлық ойындар 1 тамыз күні сағат 17:00-де басталады.
Аудандық чемпионат спортшылардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, ауылдық округтер арасындағы достық пен бірлікті нығайтуға, жастарды спортпен тұрақты айналысуға ынталандыруға зор ықпал етеді.
Ұйымдастырушылар аудан тұрғындары мен футбол жанкүйерлерін тартысты кездесулерді тамашалап, өздерінің сүйікті командаларына қолдау көрсетуге шақырады.
Сонымен қатар, «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында көрермендерді стадионда қоғамдық тәртіпті сақтауға, спорттық мәдениет пен өзара сыйластық қағидаларын ұстануға үндейді.

