Вторник, 17 июня, 2025
Басты бетЖаңалықтарІле ауданының жергілікті бюджеті мен мемлекеттік активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудиттің қорытындылары

Іле ауданының жергілікті бюджеті мен мемлекеттік активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудиттің қорытындылары

Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясы 2025 жылға арналған аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Іле ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау мен орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитін жүргізді.
Мемлекеттік аудит 2023 жылдың 1 қаңтарынан 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңді қамтыды. Аудит объектісі ретінде Іле ауданының жергілікті бюджеті мен мемлекеттік активтері қарастырылып, барлығы 24 776 205,2 мың теңге қамтылды, – деді Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Есжанов Болат.
Спикердің айтуынша, аудит нәтижесінде 1 727 219,2 мың теңге көлемінде заң талаптарын бұзу бойынша бұзушылықтар анықталған.
• Қаржылық бұзушылықтар 58 305,4 мың теңгені құрады, оның ішінде бюджет есебіне өтелуге жататын сома — 6 176,1 мың теңге, ал қалпына келтірілуі тиіс — 52 129,3 мың теңге;
• Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаттарының көлемі 1 613 594,7 мың теңгені құрады;
• Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаттары 60 032,5 мың теңге болды;
• 68 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталған.
«Іле ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 234-1 бабына сәйкес хаттама толтырылып, 196,6 мың теңге көлемінде айыппұл төленді. Заңбұзушылықтар бойынша әкімшілік жауапкершілікті қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша департаментіне 7 материал жолданып, қазіргі уақытта қаралуда.
Тиісті мемлекеттік мекемелерге төмендегі нұсқамалар берілді:
• «Іле ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мердігерлердің мемлекеттік сатып алу келісімшарттарын орындамауына байланысты 1 250,1 мың теңге көлеміндегі айыппұлды өндіру туралы;
• «Іле ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өтелмеген 2 520,8 мың теңгені жергілікті бюджет есебіне және 13 639,3 мың теңгені қалпына келтіру туралы;
• «Іле ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» аудандық мәдениет үйі мен Ақши ауылдық мәдениет үйінің штаттық кестелеріне өзгерістер енгізу және кінәлі тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру туралы.
Тексеру комиссиясы алдағы уақытта да жергілікті бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, бақылау жұмыстарын жалғастыра береді.

Алдыңғы мақала
RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments