Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде:
«Бізге өскелең ұрпақтың жаңа цифрлық технологияны еркін меңгергені керек. Сол үшін орта мектептер мен жоғары оқу орындарындағы білім бағдарламаларын қайта қарау қажет» деген болатын. Біз президенттің бұл бастамасын қолдаймыз. Себебі, бәсекеге қабілетті мемлекетті құру жолында елімізді цифрландыру, цифрланған технологияны еркін меңгерген мамандар үлкен септігін тигізеді. Озық технологияларды меңгерудің көптеген жұмыстарды жеңілдету жолында да өз артықшылықтары бар. Бұл ел Президентінің бастамасының бір жағы болса, екінші жағынан білім саласына көңіл бөлінеді. Орта мектептер мен жоғары оқу орындарында білім берудің сапасы артуына ықпал етеді. Нәтижесінде елімізге пайдасын алып келетін президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл бастамасын қолдаймыз.
Ізбасаров Бахтияр,
Жамбыл ауданы маслихатының депутаты