Пятница, 20 сентября, 2024
Басты бетАЭСҚазақстанда атом энергетикасы саласына 9 мыңнан астам маман дайындалуда

Қазақстанда атом энергетикасы саласына 9 мыңнан астам маман дайындалуда

  1. Қазақстанда атом энергетикасы саласына 9 мыңнан астам маман дайындалуда

Олар болашақта атом электр станцияларын басқаруға және техникалық қызмет көрсетуге қажетті біліктілікке ие болады.

АЭС құрылысы мен атом энергетикасын дамыту үшін кадрлар даярлау – бұл Қазақстанның стратегиялық мақсаттарының бірі. Халықтық штабтың Алматы облысындаға «Үшқоңыр» спорт кешенінің ұжымымен кездесуі барысында осы маңызды мәселе жан-жақты талқыланды.

Штаб мүшесі Махаббат Бигельдиев өз сөзінде Қазақстанның атом энергетикасын дамытуға толық дайын екенін және бұл үшін барлық қажетті ғылыми және инженерлік әлеует бар екенін атап өтті. Ол кадрлар даярлаудың қазіргі жағдайын, сондай-ақ атом энергетикасы саласында болашақ мамандарды оқыту қажеттілігін ерекше атап көрсетті.

«Бүгінгі таңда атом энергетикасы саласында 17,9 мыңға жуық маман жұмыс істейді. Олардың басым көпшілігі «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-да еңбек етуде. Сонымен қатар, елімізде атом өнеркәсібіне қатысты білім беретін бағдарламаларға 9 мыңнан астам студент қатысуда. Бұл көрсеткіштер болашақта атом энергетикасының тұрақты дамуына негіз болады. Қазақстанда жыл сайын 5246 білім гранты бөлініп, олар атом өнеркәсібі мен уран өндірісі саласына қажетті мамандарды даярлауға бағытталған», – деді ол.

Махаббат Бигельдиевтің айтуынша, елдегі жетекші жоғары оқу орындары, соның ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Ресейдің МИФИ университетінің филиалы, болашақ ядролық мамандарды даярлауда маңызды рөл атқарады. Аталған оқу орындары ғылыми жобаларға қатысу мүмкіндігін беріп, студенттерге тәжірибе жүзінде білім алуға жағдай жасайды.

Кездесу барысында Қарасай ауданының дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының нұсқаушысы Нұрлыбек Ыбырайымов атом энергетикасы саласындағы кадрлардың қажеттілігі мен Қазақстанның бұл бағытта қандай мүмкіндіктерге ие екеніне тоқталып, өз пікірін білдірді.

«Атом энергетикасының маңыздылығын бүгін жақсы түсініп отырмын. Қазақстан уран қоры бойынша әлем көшбасшыларының бірі, бірақ оны тиімді пайдалану үшін өзімізде АЭС салуымыз керек. Бұл біздің энергетикалық тәуелсіздігіміз бен экономикалық дамудың кепілі. АЭС салу арқылы біз таза және қауіпсіз энергияға қол жеткіземіз, сондай-ақ, мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылады. Алдағы референдумда бұл жобаны қолдап, Қазақстанның болашағына үлес қосайық», – деді Нұрлыбек Ыбырайымов.

Кездесу соңында қатысушылар атом энергетикасын дамыту арқылы еліміздің экономикасы мен ғылымын жаңа деңгейге көтеруге болатынын атап өтті. АЭС жобасын жүзеге асыру елдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құрып, жастарды болашақта атом энергетикасы саласында жұмыс істеуге ынталандырады.

Айта кетейік, Халықтық штабтың мұндай кездесулері алдағы уақытта да жалғасып, халықтың АЭС құрылысы туралы пікірлерін ескеріп, еліміздің энергетикалық болашағына қатысты диалогты одан әрі жалғастыруды көздейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments