Понедельник, 17 ноября, 2025
Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда жаңа Qonaev Media телеарнасы эфирін бастады

Қазақстанда жаңа Qonaev Media телеарнасы эфирін бастады

25 қыркүйектен бастап көрермендерге жаңа Qonaev Media телеарнасы жол тартты. Арнаны бүкіл ел аумағында ID TV,Alma TV, Megogo, TV plus және Otau TV платформаларыарқылы көруге болады. Эфир күн сайын таңғы 08:00-ден түнгі 00:00-ге дейін жүргізіледі.

Qonaev Media – қазіргі заманның қарқынына сай жасалған телеарна. Арнаның басты мақсаты – көрерменге түсінікті әрі дер кезінде ақпарат жеткізу. Біз Алматы облысы мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатыстыжаңалықтарды кеңінен қамтып, білім мен медицина, экология мен кәсіпкерлік, мәдениет пен спорт саласындағыбастамаларды көрсетеміз.

Жаңалықтармен қатар, арна эфиріндеаналитикалықсараптамалық бағдарламалар, ток-шоулар мен сұхбаттар, деректі және танымдық жобалар, сериалдармен ойынсауық форматтары ұсынылады.

Qonaev Media барша қазақстандыққа арналған ортақ алаң. Мұнда билік өкілдерінің де, қарапайым тұрғындардың даой-пікірі естіледі. Біз шынайы оқиғаларды көрсетіп, өміргетікелей әсер ететін тақырыптарды талқылаймыз.

Жаңа телеарнаның ашылуы еліміздің ақпараттық кеңістігі үшін маңызды қадам. Барлық көрерменді Qonaev Media арнасын қосып, ел жаңалықтарын уақытылы білуге жәнеөңірдің тыныс-тіршілігін бірге тамашалауға шақырамыз.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments