Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру туралы тапсырмасы шеңберінде Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесін (МКАБЖ) енгізу басталды.
Мемлекет басшысының көмекшісі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте осы тапсырманы орындау мәселелері қаралды.
Saqtandyrý ақпараттық жүйесіне интеграцияланған жаңа цифрлық құрал ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерді қаржыландырудың ашықтығын, сапасын бақылауды және автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Жаңа цифрлық жүйе мыналарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:
Бұл жүйелер қаржы қаражатын тиімді пайдалануға, қосып жазуларды алып тастауға және сыбайлас жемқорлық қауіптерінің үлесін азайтуға бағытталғанын айта кеткен жөн.
Медициналық қызметтердің сапасын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі медициналық ұйымдарды пациенттердің қажеттіліктеріне денсаулық сақтау жүйесін ынталандыратын болады.
Жаңа жүйенің тиімділігін Ақмола облысындағы пилоттың алдын ала қорытындылары растады.
Пилоттық режимде жүйе көрсетілген медициналық көмектің белгіленген стандарттарға сәйкес келмеуінің 11 мыңнан астам фактісін, оның ішінде тіркеу фактілерін анықтады.
Бұзушылықтарды қарау қорытындылары бойынша ұйымдастырушылық және қаржылық сипаттағы шаралар қабылданатын болады.
Кеңес барысында медициналық ұйымдардың жүйені енгізуге дайындығы, мамандарды оқыту, сарапшылардың құзыреті, сондай-ақ медициналық көмектің жекелеген түрлеріне тарифтерді қайта қарау мәселелері қаралды.