Бір жарым миллион халқы бар. Соның бір миллионы сайлаушылар. Орталық Сайлау Комиссиясының 12:00-дегі есебі бойынша 677 учаскеде сайлаушылардың 40% дауыс беріп үлгерген. Бұл өте үлкен көрсеткіш. Осы көрсеткішпен Алматы облысы республика бойынша үздік үштікте келеді.
Жалпы, референдум, сайлау дегеніңіз әкімдер арасындағы бейресми жарыс дейтін болсақ, әр облыс қал қадірінше дайындалатыны түсінікті. Бұл жағынан Алматы облысының сайлаушылары әлеуметтік желінің жұлдызына айналып та үлгерді. Мысалы, 103 үйі бар Қосқұдық ауылының бір көшесі бір уақытта келіп дауыс берген.
«Қосқұдық ауылының тұрғындары теміржол станциясы болып құрылғаннан-ақ өте ұйымшыл. Бұл елдімекенде әулетімен теміржолшылар атанған отбасылар бар. Оның бірі – біздің жанұя. Көрші болып отырған 25 тұрғынмен келісіп, түгелдей референдумға қатысуға бел байладық. Мемлекет ертеңін айқындайтын сәтте тыс қалғымыз келген жоқ. Бастама бірден қолдау тауып, өз таңдауымызды жасадық», — деді ауылнай Келтай Шаяхметов.
Аймақ әкімі Марат Сұлтанғазиевтің дауыс беруге жұрттың алды болып келген.
«Бүгін еліміз үшін аса маңызды тарихи сәт. Өзім тіркелген референдум учаскесіне барып, Алматы облысы тұрғыны әрі осы елдің азаматы ретінде таңдауымды жасадым» деген Марат Елеусізұлы Алматы облысында бұл науқанды ұйымдастыру үшін ауқымды жұмыстар атқарылғанын баяндады.
Өңірде жалпы саны 677 референдум учаскесі ашылды. Оның ішінде ауруханалар, әскери бөлімдер мен әлеуметтік орындарда 36 учаске жұмыс істеп тұр. Дауыс беру процесін жүргізуге тартылған 4781 маманның барлығы арнайы оқудан өтіп, дайындықтарын пысықтады. Сондай-ақ 16 қоғамдық ұйым өкілі бақылау жүргізуде.
Әкімнен кейін облыс іле-шала ауыр артилериясын да іске қосты. Париж Олимпиаласының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев бастаған спортшылар да науқан көрігін қыздыруда. Ретро көліктер шеруінің фото видеосы қазірдің өзінде Тик ток пен инстада хит. Мына азамат қар барысы болып киініп келіпті. Келгендер оны сайлау учаскесінің адамы екен деп фотоға түсіп жүр))

