Четверг, 12 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарҚазақстандықтар енді Қытай шекарасынан жаяу өте алады

Қазақстандықтар енді Қытай шекарасынан жаяу өте алады

Абай облысында жаяу жүргіншілерге арнап Бақты кеден бекеті ашылды. Жолаушыларға айына 1 рет 25 келіге дейін жүк өткізуге рұқсат етіледі. Ал халықаралық жолаушы тасымалдауға арнайы рұқсаты бар көлікпен ғана кіріп шыға алады.

“Бұл екі ел арасындағы байланысты нығайтып, саяхатшыларға қолайлы жағдай жасаумен қатар сауда айналымын арттыруға мүмкіндік береді”, — деп жазылған өңір әкімдігі хабарламасында.

Бақты кеден бақылау бекетіндегі терминалдарды қайта жаңғырту жұмысы аяқталғанға дейін туристер белгіленген тәртіп бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатынайды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments