Site icon Атамекен

Қазақстандықтар мемлекеттен 1,5 миллион теңге қайтарымсыз көмек ала алады

Егер жаңа бизнес идеяңыз болса 21 мамырдан бастап өтініш бере аласыз. Өтінімді Business.enbek.kz порталында берсеңіз болады. Грант мөлшері – 1 572 800 теңге.

Өтінім беру үшін:
порталға тіркелу;

грант алу талаптарына сәйкестікті тексеруден өту;

бизнес-жоспардың үлгісін жүктеп алып, оны толтырып, порталға жүктеу;

өтініш формасын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет.

Жаңа бизнес-идеяны іске асыруға арналған грантты тіркелген жұмыссыздар немесе жеке кәсіпкерлер (тіркелгеніне 3 жылдан аспауы тиіс) ала алады.

t.me/stankznews

Exit mobile version