Киіз үйлер елшіліктер аумағында тігіліп, қазақ мәдениетін халықаралық деңгейде насихаттау және мәдени байланысты нығайту мақсатында қойылған.
Делегация құрамында JENYS кәсіби клубының президенті Алмаз Әлсенов, Қарағанды облысының дзюдо федерациясының президенті Тимур Тұрсынбаев және 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов болды.
Ұйымдастырушылар бұл бастама қазақ мәдениеті мен спортының маңыздылығын көрсетіп, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
«Біз өз еліміздің мәдени байланыстарын нығайтуға үлес қосқанымызға қуаныштымыз. Бұл – бізге көрсетілген қолдауға және ынтымақтастыққа деген алғысымыздың белгісі. Мұндай сыйлықтар Қазақстан мен Франция, сондай-ақ Қазақстан мен Швейцария арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді», – деді Әлсенов.