Суббота, 22 февраля, 2025
Басты бетЖаңалықтарҚазақстандық режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмі 31- Vesoul халықаралық Азия кинофестивалін (Франция)...

Қазақстандық режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмі 31- Vesoul халықаралық Азия кинофестивалін (Франция) жеңіспен аяқтады

 

Туынды Jury Grand Prize (Қазылар алқасының бас жүлдесі), Critical Jury Prize (Киносыншылар алқасының жүлдесі) және  NETPAC Jury Prize (NETPAC қазылар алқасының жүлдесі) марапаттарына ие болды.

“Әбіл” фильмі — Совет Одағы құлап, колхоз-совхоз тарап, мал-мүлік бөліске түсіп, елде приватизация орын алған кезеңдегі қиянатқа ұшыраған қарапайым адамдар мен қараусыз қалған қазақ ауылындағы бейберекетсіздікті суреттейді. Сол арқылы, кинотуынды тәуелсіздік басындағы күрделі уақыт аясындағы қазақ халқының рухани кейпіне, психологиялық күйіне әлеуметтік талдау жасайды. Фильмде советтік жүйе кезіндегі адам өмірінің құнсыздығы, қазақ халқының бастан кешкен жағдайы, тұрмыс қалпы, өз елінде, өз жерінде дискриминацияға түскендігі, социализмнен капитализмге ауысу тұсындағы екіұдай сезім, сонымен қатар жемқорлықтың пайда болуы жайлы да ой қозғайды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments