«Бақты – Аягөз» теміржол желісінің іске қосылуы Қытаймен жүк өткізу көлемін 20 миллион тоннаға арттыруға жол ашса, «Арал – Каспий» күре жолы Транскаспий дәлізіндегі тасымал уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Мұндай жобалар сауда айналымын ұлғайтып, отандық кәсіпорындардың дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және ел экономикасының нығаюына ықпал етеді. Ең бастысы, көлік дәліздерін дамыту тек жүк тасымалымен шектелмей, оның бойында жаңа өндіріс орындары мен сауда орталықтарының қалыптасуына жол ашуы керек. Бұл – Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырып, экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтетін маңызды бағыт.
Қазақстанның Еуразиядағы ірі логистикалық орталыққа айналу мүмкіндігі зор

