Атамекен

Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасында егемендік пен аумақтық тұтастықтың өзгермейтін құндылықтар ретінде бекітілуі –

Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасында егемендік пен аумақтық тұтастықтың өзгермейтін құндылықтар ретінде бекітілуі – мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған аса маңызды әрі принципті қадам. Бұл нормалардың Конституцияның алғашқы баптарында айқын көрсетілуі елдің іргетасын бекемдеп, құқықтық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге қызмет етеді.

Жаңа Негізгі заңда Қазақстанның унитарлы мемлекет екені және басқару нысанының президенттік республика ретінде нақты айқындалуы – мемлекеттің басқару моделіне қатысты анықтық пен жүйелілікті күшейтеді. Ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстарының ескерілуі Конституциялық реформаның ғылыми негізделгенін және терең ойластырылғанын көрсетеді. Сондай-ақ әкімшілік-аумақтық құрылымды конституциялық заңмен айқындау ұсынысы мемлекеттік басқарудың тұтастығын сақтауға бағытталған орынды шешім деп санаймын.

Ерекше маңызға ие тағы бір норма – халықтың егемендіктің бірден-бір иесі әрі мемлекеттік биліктің жалғыз көзі ретінде Конституция деңгейінде нақты бекітілуі. Бұл қағида «жалпыұлттық референдум» ұғымының енгізілуімен және халықтың билікті тікелей жүзеге асыру тетіктерінің кеңеюімен тығыз байланысты. Мұндай өзгерістер азаматтардың ел тағдырына белсенді қатысуына жол ашып, демократиялық қағидаттарды одан әрі нығайтады.

Жалпы алғанда, жаңа Конституция жобасы Қазақстанның тәуелсіздігін, біртұтастығын және халық билігін нығайтатын, болашақ ұрпақ үшін берік құқықтық негіз қалыптастыратын маңызды тарихи құжат болмақ.

Амиргалиев Мадияр Орынтаевич, Жамбыл аудандық Мәслихат төрағасы

Exit mobile version