Арқалық әуежайының қалпына келтірілуі, Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі әуежайларының іске қосылуы өңірлердің көлік қолжетімділігін жақсартып, жаңа туристік бағыттарды дамытуға мүмкіндік береді. Ал көлік саласын толық цифрландыру жүк тасымалын жеделдетіп, құжат айналымын жеңілдетіп, халықаралық сауданың тиімділігін арттырады. Заманауи әуежайлар мен цифрлық технологияларды ұштастыру Қазақстанның Еуразиядағы маңызды көлік-логистикалық орталық ретіндегі мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Ең бастысы, бұл өзгерістер халыққа қолайлы жағдай жасап, өңірлердің дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етуі тиіс.
Атамекен ақпарат

