Четверг, 13 марта, 2025
Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның өнімдері алғаш рет «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында FOODEX...

Қазақстанның өнімдері алғаш рет «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында FOODEX 2025 көрмесіне қатысып отыр

 

2025 жылдың 11-14 наурызы аралығында Токио қаласында азық-түлік саласындағы ең ірі халықаралық көрме – FOODEX 2025 өтуде. Биыл Қазақстанның «Бір ауыл – бір өнім» жобасының қатысушылары өздерінің ерекше өнімдерін әлемдік аренада таныстыруда. Көрмеге 50 000-нан астам қатысушы, оның ішінде жетекші ритейлерлер мен инвесторлар жиналды.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасының мақсаты – жергілікті ресурстар мен ерекшеліктерді тиімді пайдалана отырып, микро және шағын бизнес өкілдеріне қолдау көрсету.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбековтің айтуынша: «FOODEX 2025 көрмесіне қатысу қазақстандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл – Қазақстан өнімінің халықаралық аренада жоғары әлеуетін көрсетуге және әлемдік компаниялармен жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін алаң».

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments