_Қазақстан азаматтарының цифрлық қауіпсіздігін арттыруға арналған маңызды сервистi бiле жүрiңiздер. _
Nomad Guard – бұл сіздің жеке деректеріңіздің интернетте жариялануын тексеруге және күдікті сілтемелер мен сайттарды қауіптерге сканерлеуге мүмкіндік беретін eGov Mobile-дағы тегін қызмет түрi.
Негізгі функциялары:
* Деректердің жариялануын тексеру: Сіздің ЖСН, аты-жөніңіз, электронды поштаңыз және «Мобильді азаматтар» базасындағы деректеріңіз негізінде ақпараттың таралуын автоматты түрде тексереді. Егер деректер табылса, сізге SMS немесе eGov Mobile арқылы хабарлама жіберіледі.
* Сілтемелер мен сайттарды тексеру: Күдікті сілтемелерді немесе веб-сайттарды фишинг және басқа да қауіптерге тексеруге болады.
* Алаяқтық туралы хабарлау: Қосымшада алаяқтық әрекеттер туралы хабарлай алатын арнайы форма бар.
* Ақпараттық материалдар: Цифрлық қауіпсіздік бойынша білімді арттыруға арналған оқу материалдары мен жаңалықтар да қолжетімді.
Қалай қолдануға болады:
* eGov Mobile қосымшасына кіріңіз (ЭЦҚ немесе биометрия арқылы).
* «Басқа сервистер» бөліміне өтіңіз.
* «Тексеру» батырмасын басып, Nomad Guard сервисін таңдаңыз.
* Тексергіңіз келетін сілтемені немесе сайт мекенжайын енгізіңіз немесе бар жарияланымдарды таңдаңыз.
* «Жіберу» батырмасын басыңыз.
* Нәтижелерді «Менің тексерулерім» бөлімінен көре аласыз.
Бұл сервис Қазақстандықтарға цифрлық ортадағы қауіпсіздігін бақылауға және деректерінің қорғалуын қамтамасыз етуге көмектеседі.