Site icon ATAMEKEN

Қазақстан – зайырлы мемлекет: «Заң және тәртіп» қағидатының мәні

Screenshot

Шымкент қаласында өткен «Заң және тәртіп» бағытының таныстырылымында Қазақстанның зайырлы мемлекет ретіндегі қағидаттары мен құқықтық нормалардың маңыздылығы туралы айтылды.

Жиында қоғамда соңғы уақытта ұлттық мәдениет пен дәстүрге сәйкес келмейтін кейбір ұстанымдарды насихаттауға қатысты пікірлердің туындап отырғаны атап өтілді. Осыған байланысты елдегі негізгі құндылықтардың бірі – Конституция талаптарын сақтау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселесіне назар аударылды.

Қазақстанның зайырлы мемлекет екені және заң үстемдігі қағидатының басымдығы ерекше көрсетілді. Конституцияда бекітілген «заң мен тәртіп» қағидаты барлық азаматтар үшін міндетті болып табылады. Мемлекеттік құрылым мен қоғамдық өмірде құқықтық нормалардың сақталуы – тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізгі кепілі.

Сонымен қатар, қоғамда кемсітушілікке, жіктелуге немесе радикалды көзқарастардың таралуына жол бермеу қажеттігі айтылды. Мемлекет дәстүрлі отбасылық құндылықтарды, әйелдердің құқықтары мен қадір-қасиетін, сондай-ақ мәдени еркіндікті қорғауға бағытталған саясатты ұстанады.

Құқықтық нормаларды бұзуға бағытталған кез келген әрекеттер заң аясында қаралып, тиісті бағасын алуы тиіс екені де назарға алынды. «Заң және тәртіп» қағидаты қоғамның барлық мүшесіне бірдей қолданылуы қажет.

Exit mobile version