Вторник, 14 октября, 2025
Басты бетЖаңалықтарҚазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына сапарлап барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына сапарлап барды

Президентті халықаралық әуежайда Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды. Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізіп, «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысты.

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді. Президенттер Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейіл екендерін растады.

Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық жүзеге асырудың маңызына тоқталды. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға «Орталық Азия – Ресей» саммитін, сонымен қатар ТМД мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын табысты өткізуге тілектестік білдірді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments