Site icon ATAMEKEN

Қазақстан Республикасындағы 2026 жылғы шілде айындағы инфляция

2026 жылғы шілде айында инфляцияның айлық деңгейі 0,6% құрады, бұл маусым айындағы көрсеткіштен (0,8%) төмен.

Шілде айында бағаның ең көп төмендеуі маусымдық жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлерінде тіркелді. Атап айтқанда, қиярдың бағасы 22,6%, қызанақ — 17,7%, сәбіздің бағасы — 5,3%, банан — 4,0%, алма – 2,7%, апельсин — 2,3%, лимон мен картоп – 1,6%-ға арзандады. Сонымен қатар, жұмыртқа 1,4%, арпа жармасы 1,3% төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында пайдаланылған жеңіл автомобиль бағасы 3,8%, электр еттартқыш 2,2%, кір сабын 1,5%, смартфондар мен көзілдіріктер 1,3%, шаш бояуы 0,7% арзандады.

Жылдық мәнде 2026 жылғы шілдеде инфляция деңгейі 10,2% құрады (2026 жылғы маусымда – 10,3%). Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 11,7%, азық-түлік тауарларының бағасы 10,1%, ақылы көрсетілетін қызметтердің бағасы 9,2% өсті.

Өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша бағаның төмендеуі жалғасты. Атап айтқанда, қияр бағасы 31,6%, қызанақ – 26,5%, пияз – 10,9%, сарымсақ – 8,1%, апельсин – 7,8%, алма – 4,7%а төмендеді. Сонымен қатар, азық-түлік тауарлары арасында күріш бағасы 4,1%-ға арзандады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында 2025 жылғы шілде айымен салыстырғанда отандық құрастырылған жаңа жеңіл автомобильдің бағасы 16,2%, кондиционер 10,8%, медициналық термометр 7,5%-ға, медициналық бинт 6,4%-ға төмендеді.

Тұтыну бағаларының индексі инфляция деңгейін сипаттайтын көрсеткіш болып табылады және ай сайын есептеледі. Бақылау 537 тауар мен қызмет түрі бойынша жүргізіледі. Инфляция динамикасы бойынша деректер 2018 жылдан бастап қамтылған арнайы интерактивті дашбордта қолжетімді.

*2026 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағалары индексін есептеу құрылымында азық-түлік тауарларының үлесі 41,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 28,4%, ақылы қызметтер 30,5% құрайды.

Exit mobile version