Site icon Атамекен

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына пікір

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында ата-аналар немесе өзгеде заңды өкілде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керектігін дәл айқын көрсетілген. Сонымен бірге оларға мейлінше күтім жасау соған да сай күтіп-бағу жөніндегі шараларды орындамағаны үшін 10 АЕК (36 920 теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделгені дәл айтылған. Ата-ана баласы үшін жауапты, ал бағып-қағудан жалтарғандар енді бұдан былай заң пәрменімен әкімшілік жауапкершіліктен құтылып кете алмайды. Бұл заңдар қазіргі уақытта көпшілік тарапынан нақты қолдау тауып жатыр. Өйткені, бала ертеңгі келешегіміз болғандықтан оларға деген ата-ана тарапынан қамқорлық пен қолдаудың қажет екендігі анық. Ендігі жерде бұл заң күші ата-аналарға қатаң жауапкершілігін жүктейтін болады.

Тұрсынжан Асқарұлы, зейнеткер

Exit mobile version