Пятница, 29 марта, 2024
Басты бетЖаңалықтар«Қазақстан халқына» қорындағы әр теңгенің қайда жұмсалғанын ел көріп отырады - Болат...

«Қазақстан халқына» қорындағы әр теңгенің қайда жұмсалғанын ел көріп отырады — Болат Жәмішев

«Қазақстан халқына» қорының өз сайты болады. Сайтта жиналған және жұмсалған қаржыға қатысты деректер ашық көрсітеледі. Бұл туралы қор төрағасы Болат Жәмішев мәлім етті.

«Қордың қамқоршылық кеңесіне қатысты да көп сұрақ туындап жатыр. Кеңес мүшелерін кім сайлады, неге халық талқысына салмады деген секілді. Қор Мемлекет басшысының бастамасымен құрылды. Әрине, қорға қаржы аударған қоғамдық ұйым немесе жеке тұлға оның қайда жұмсалып жатқанын білуге құқылы. Жиналған қаражаттың тиімді жұмсалуына қатысы Үкіметке де әлеуметтік жауапкершілік жүгі артылады. Сондықтан кеңес мүшелерін Үкімет бекітіп, бізге ұсынды. Өз басыма келсем, қор төрағасы ретінде қамқоршылық кеңес құрамында мен де бармын. Маған қор жұмысын ұйымдастыру, жүргізу міндеті жүткелген», — деді Болат Жәмішев «Хабар 24» арнасының «Ошакбаев LIVE» бағдарламасының эфирінде. Оның айтуынша, қоғамдық жұмыс халық үшін ашық түрде жүзеге асуы тиіс. «Өз сайтымызды әзірлейміз. Қорға түскен әр теңге және оның қайда жұмсалғаны туралы есеп беріледі. Ол есеп сайтқа жарияланады. Қазір осы жұмысты ұйымдастырумен айналысып жатырмыз», — дейді ол. 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments