Site icon Атамекен

«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 20 мың бала тегін демалуға мүмкіндік алады

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден келген оқушыларға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарынан және ауылдық жерлерден келген көп балалы отбасынан шыққан балаларға басымдық беріледі. Барлық демалыс орталықтарының тізімі әзірленіп, олардың дайындығы қамтамасыз етілген.

«Ел бойынша 2,9 млн бала жазғы демалысты 10 743 демалыс лагерінде өткізеді: 10 мыңы жыл бойы сауықтыру орталықтарында, 240 мыңы қала сыртындағы орталықтарда, 2,6 млн бала мектеп жанындағы лагерьлерде, 75 мыңы шатырлар мен киіз үйлерде»,-деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында.

Exit mobile version