Среда, 25 июня, 2025
Басты бетЖаңалықтарҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ДОСТЫҚ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ДОСТЫҚ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

«Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ДОСТЫҚ» атты республикалық байқауына барлық сала мамандарын және өзге этнос өкілдерін қатысуға шақырамыз!
Іс-шараның мақсаты: Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамға кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.

Республикалық байқауына қатысушылар:
Білім және ғылым саласының мамандары;
Медицина саласының мамандары;
Спорт және мәдениет, өнер саласының мамандары;
Мұнай және газ кен орындарын игеру саласының мамандары;
Эколог, геолог, табиғи ресурстар, энергетика саласының мамандары;
Мемлекеттік қызметкерлер;
Қоғам қайраткерлері;
Экономистер;
Зейнеткерлер
Кәсіпкерлер;
Есепшілер;
Ауыл-шаруашылық мамандары; Энергетика саласының мамандары;
Ақпарат саласының мамандары; Әлеуметтік қызметкерлер;
Құрылыс саласының мамандары; Әскери қызметкерлер;
Ел Егемендігінің дамуына үлес қосып жүрген барлық азаматтарды қатысуға шақырамыз!

Байқаудың шарттары:
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2
беттен артық емес өмірбаянын (14 кегл, Times New Roman), өтініш кестесін толтырып бірге
жіберу қажет. Сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері
(мысалы: алынған алғыс хат, диплом, медаль және т.б.) қоса тіркелуі тиіс.
Құжаттар ruhany.jangiru.17@bk.ru электронды почтасына 2025 жылдың шілде
айының 25-не дейін қабылданады.

Байқау қатысушыларына табысталады:
• Арнайы тағайындалған «ДОСТЫҚ» атты төсбелгісі;
• Төсбелгіні куәландыратын КУӘЛІК;
• СТАТУЭТКА;
• ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ беріледі;
• Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына АЛҒЫС ХАТ
табысталады.
Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді.
Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция бағдарламасында қоғам қайраткерлерінің, танымал тұлғалардың қолынан төсбелгі және арнайы марапаттар табысталады.
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Электронды почтасы: ruhany.jangiru.17@bk.ru
Instagram парақшасы: @bilim_orkenietі_
Facebook парақшасы: Білім өркениеті
Ұйымдастыру алқасы: +7 747 628 8054, +7 702 986 6405

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments