Четверг, 25 апреля, 2024
Басты бетЖас түлек назарынаҚазҰУ – ең үздік таңдау

ҚазҰУ – ең үздік таңдау

Жалпы, ҚазҰУ туралы айтатын болсақ, қала ішіндегі «Казгуград» қалашығы деп аталып кеткен құтты мекенде студенттердің білім алуына барлық мүмкіндік жасалған. Ө.Жолдасбеков атындағы 1600 орындық студенттер сарайы, ТМД елдеріндегі жалғыз үлкен ауқымды «әл-Фараби» кітапханасы, спорткешені мен стадион, жаңа ғимараттар, әскери кафедра, технопарк, 5000 студентке арналған студенттер үйі, медициналық орталық және студенттерге қызмет ету орталығы студенттер игілігі үшін қызмет жасап отыр. Университетімізде дәстүрлі түрде «Жалын» бірінші курс таланттарын анықтау, «Студенттік көктем», КВН, «Ана тілі аруы-Жігіт сұлтаны» сияқты байқаулар жоғары деңгейде өткізіліп тұрады.

Ректор Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы  студенттердің жаңа заманға бейімделген лайықты жағдайда білім алып, қолайлы да жарқын өмір сүрулері үшін барлық жағдайдың жасалуына себепші болып жүр.

Студенттердің көшбасшылық қабілеттерін, ұйымдастырушылық қасиеттерін дамыту мақсатында жастар ұйымдары комитеті жұмыс істейді. Оның құрамына «Сұңқар» студенттер кәсіподағы, студенттер Сенаты, «Көмек» еріктілер қозғалысы, студенттер кеңесі, Болон үдерісі бо­йынша студенттік бюро, студенттердің ғылыми қоғамы кіреді. Қазіргі уақытта университеттегі барлық мерекелік іс-шаралар тікелей аталған жастардың қатысуымен өтеді.

ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың мекені, ҚазҰУ – ғашықтардың мекені. ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен. Сол себепті де, мен өзімнің ҚазҰУ-да жүргендігімді өмірімдегі ең үлкен сәттілік деп санаймын.

Студенттер үйіндегі студенттік өмір де өте қызықты. Қазақтың түпкір түпкірінен жиналған студенттермен бір үйдің баласындай өмір сүреміз. 

Біз Қазақ Ұлттық Университетін таңдағаныма еш өкінбейміз. ҚазҰУ бұл болашаққа нық қадам баса алатын студенттер ордасы. Мүмкіндіктер мекені.

Біз қазіргі таңда «Философия және саясаттану» факультетінде 3- курс студенттеріміз. Белгілі миллиардер Марк Кьюбан Bloomberg TV арнасына берген сұхбатында болашақтың мамандығы туралы былай дейді: «Жақында жұмыс берушілер шығармашылық және сыни тұрғыда ойлай білетін мамандарды іздейтін болады.5-10 жылдан соң гуманитарлық пән мамандарына деген сұраныс арта түседі.Философия ерекше сұранысқа ие болады».

   Философия және саясаттану факультеті, мен таныстырып отырған, 10 мамандық бойынша мамандар дайындайды, Ресейдің жетекші университеттерімен бірге қос дипломды білім беру бағдарламасын, шетелдің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен бірге білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Біздің факультетте үш тілде білім береді. Біздің факультеттік бағдарламаларымыз шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған, ақпаратты жаңа сапалы деңгейде алуға, жүйелік байланыстарды түсінуге көмектеседі. Факультет құрамындағы 6 кафедрадағы белгілі ғалымдар, тамаша педагогтар таңдаған мамандықтарыңызды жете меңгеруге, университет қауымдастығына тиесілі екендіктеріңізді сенуге көмектеседі. Тек бізде ғана кәсіби және өмірлік мәселелердің шешімін өзіндік шешу стимулдарын; интеллектуалды, мәдени, адамгершілік және физикалық дамудағы тұлғалық қасиеттерге қанағаттану сезімін сезіне отырып; өзіңіздің талантыңызды ашасыз; әлеуметтік өзгерістерге бейімделу дағдыларын үйреніп, мінез-құлықтың позитивті үлгілерін қалыптастырасыз. Біздің факультетте білім ала отырып, сіз ерекше университеттік кампуста өмір кешесіз.

Кафедраның профессор және оқытушылар құрамы лекция мен семинар сабақтарын  оқытудың интерактивты әдістерін қолданады: кейс-әдіс, саяси оқиғаларды талдау, саяси процестерді модельдеу, саяси дебаттар өткізу, диспуттар, конференциялар, іскерлік ойындар, оқиғалық талдау әдістері және пікір алмасу. Саясаттану бөлімінің түлектері қоғам өмірі үшін қажетті және еліміздің мемлекеттік, ғылыми және оқу орындарында, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында, ҚР Президенті Әкімшілігінде, Парламентте, әкімшілік пен саяси партияларда сарапшы, саяси технологтар, ЖОО-да оқытушы қызметтерін атқарады. Бүгінгі таңда сізде дұрыс таңдау және бізбен бірге өз болашағыңызды жасау мүмкіндігі бар.

Мәсімхан Ақерке

Мусахунов Муслим

Иманбаев Нуртөре

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің философия және саясаттану факультетінің 3 курс студенттері;

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы: Лиясова Айгуль Амангельдиевна

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments