Site icon Атамекен

Қаирбаев Берікбол Тилеужанович- Еңбек адамы

Қаирбаев Берікбол Тилеужанович
06 наурыз 1966 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында дүниеге келген. 1981 жылы отбасы Жайсан ауылына көшіп келіп, сол жерде еңбек жолын бастаған. 1986–2003 жылдар аралығында ауылдың МТФ бөлімшесінде тракторшы болып еңбек етті. Өз ісіне адалдығымен және техника саласындағы тәжірибесімен көзге түскен.

1989 жылы отау құрып, бүгінде үш баланың әкесі, екі немеренің сүйікті атасы.
2004 жылдан бастап Ақсеңгір ауылдық округінің амбулаториясында шофёр болып жұмыс істейді. 2007 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақсеңгір ауылына көшіп келген.

Берікбол Тілеужанұлы – өз ісіне адал, еңбекқор әрі жауапкершілігі жоғары маман. Көп жылдық тәжірибесі мен тиянақтылығының арқасында ұжым арасында сыйлы, ал ауыл тұрғындары арасында сенімді азамат ретінде танылған. Ол – қарапайым еңбегімен қоғамға пайдасын тигізіп жүрген нағыз еңбек адамының жарқын үлгісі.

Exit mobile version