Орталық қызметінің негізгі бағыттары: отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтау; қиын өмірлік жағдайға тап болғанотбасыларға психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсету; профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу; мемлекеттікоргандармен ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау; әлеуметтік қауіптіжағдайда қалған отбасыларға сүйемелдеу жүргізу.
Ағымдағы жылдың басынан бері Отбасыны қолдау орталығына отбасылық-тұрмыстық жанжалдар мен зорлық-зомбылық мәселелері бойынша 15 өтінішкеліп түсті. Барлық өтініштер белгіленген тәртіпте қаралды. Полиция қызметкерлерімен және Қарасай аудандық ауруханасымен бірлесіп, отбасылардың тұрғылықты жеріне 13 рет шығу жүзеге асырылды.
Осы жұмыстардың нәтижесінде профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, олардың тұрмыс жағдайлары бағаланды, соның ішінде кәмелетке толмағанбалалардың бар-жоғы анықталды, сондай-ақ қосымша сүйемелдеу қажеттілігіайқындалды. Сонымен қатар орталық психологтары дағдарыстықжағдайдағы әйелдер мен балаларға 13 жеке консультация өткізді. Бұлжұмыста негізгі назар конфликт деңгейін төмендетуге, эмоционалдықтұрақтылықты қамтамасыз етуге және әйелдер мен балалардыңпсихологиялық жағдайын қалпына келтіруге бағытталған.
Маңыздысы, ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап орталық тарапынанбалалармен агрессивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатындапсихологиялық сессиялар өткізу енгізілді.
Бұдан бөлек, орталық заңгерлері 31 құқықтық кеңес көрсетті. Оның ішінде15-і зардап шеккендердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша, сондай-ақ15-і қорғау нұсқамаларын рәсімдеу бойынша берілген.
Сонымен қатар 15 әлеуметтік көмек алу бойынша консультация, 5 алиментөндіру бойынша, 3 баланың тұрғылықты жерін анықтау бойынша кеңесберілді.
Профилактикалық жұмыс аясында 15 іс-шара өткізілді, оның ішінде 8 ақпараттық-түсіндіру шарасы, білім беру ұйымдарында 5 дәріс, 1 дөңгелекүстел, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзбеушіліктіқалыптастыруға бағытталған 1 акция және «Қазақстан – отбасында зорлық-зомбылықсыз» атты 1 флешмоб ұйымдастырылды.
Мамыр айында Ұмтыл, Елтай және Иргелі ауылдық округтерінің аналар жәнеақсақалдар кеңестерімен кездесулер өткізілді. Сондай-ақ орталықжұмысының маңызды бағыты — ведомствоаралық өзара іс-қимылдынығайту.
Осы орайда аудандық полиция басқармасымен, атап айтқанда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімі және учаскелікинспекторлармен тығыз ынтымақтастық орнатылған. Қорғау нұсқамаларынберу мәселесі бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатараудандық білім бөлімімен, аудандық ауруханамен, жергілікті атқарушыоргандармен және басқа да құрылымдармен, оның ішінде үкіметтік емесұйымдармен серіктестік байланыс жолға қойылған.
«111» байланыс орталығының сигналдары бойынша орталық мамандарықұзырлы органдармен бірлесіп, өміріне қауіп төнген жағдайларда жеделтүрде шығулар жасайды. Оқиға орнында жағдайға баға беріліп, қажет болғанжағдайда отбасылар Қонаев қаласындағы дағдарыс орталығынаорналастырылады және кейіннен сүйемелдеу жұмыстары жүргізіледі.
Айта кету керек, 2026 жылдың басынан бері Қарасай ауданынан дағдарысорталығына 33 адам, оның ішінде 8 әйел және 25 бала жіберілген. Оларорталықтан шыққаннан кейін де жұмыс жалғасуда. Сонымен қатарәлеуметтік тәуекел тобына жататын отбасылар тұрақты бақылауда. Оларменқайталама зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасылық ахуалдыжақсарту мақсатында нысаналы профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта аудандық Отбасыны қолдау орталығының сүйемелдеуімен 32 отбасы бар. Олармен жұмыс бір жыл бойы жүргізіледі. Отбасындағы жағдайтұрақтанған жағдайда олар сүйемелдеуден шығарылады. Қабылданғаншаралардың нәтижесінде 3 отбасы татуласуға келді, қалған отбасыларменжұмыс жалғасуда.

