2026 жылғы 20 наурыз күні Сарыбай би ауылының мәдениет үйінде өткен бұл шараның басты мақсаты – жастарды достыққа, патриоттық сезімге және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Жарыс барысында қатысушылар асық ату, қазақша күрес, арқан тарту, гір көтеру секілді ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты. Барлық командалар біркелкі ұлттық киіммен қатысып, мерекенің сәнін келтірді.
Осындай игі іс-шаралар ұлттық рухымызды көтеріп, бірлігімізді нығайта берсін! 💫

