Site icon ATAMEKEN

Қарасу ауылдық округінде Наурыз мейрамы аясындағы Наурызнама онкүндігінің “Шаттық күні” кең көлемде аталып өтті 🌸

 

Бұл күн – қуаныш пен шаттыққа, мейірім мен бірлікке толы ерекше мереке. Ауыл тұрғындары бір арнаға тоғысып, ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеп, ән мен күйге бөленді. Балалардан бастап қарияларға дейін көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған бұл шара – ел бірлігінің айқын көрінісі болды.

Шаттық күні – тек көңіл көтеру емес, жүректерді жақындататын, адамдарды бір-біріне бауыр ететін мәні терең мереке. Осындай игі бастамалар ауылымыздың береке-бірлігін арттыра берсін!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Әр шаңыраққа шаттық, молшылық пен амандық тілейміз! ✨

Exit mobile version