Понедельник, 23 февраля, 2026
Басты бетЖаңалықтарҚарасу ауылдық округіне қарасты Қайназар ауылында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына қатысты түсіндіру...

Қарасу ауылдық округіне қарасты Қайназар ауылында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына қатысты түсіндіру жұмыстары өткізілді

Округтің белсенді азаматшасы Ахаева Сулушаш Маратовна ауыл тұрғындарымен кездесу ұйымдастырып, Жаңа Конституциядағы негізгі өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен ақпарат берді. Кездесу барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілік мәселелері жан-жақты талқыланды.

Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Еркін пікір алмасу форматында өткен жиын ауыл азаматтарының құқықтық сауаттылығын арттыруға және ел болашағына бейжай қарамайтын белсенді қоғам қалыптастыруға ықпал етті.

Осындай мазмұнды кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады. Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments