Вторник, 28 октября, 2025
Басты бетЕңбек адамыҚарақастек ауылының тұрғыны Оспанбаева Асия Нұрпейісқызы

Қарақастек ауылының тұрғыны Оспанбаева Асия Нұрпейісқызы

1976 жылдың 18 мамырында дүниеге келген.
2012 жылдан бері ауылдағы «Бәйтерек» балабақшасында аспазшы болып абыройлы еңбек етіп келеді.

Өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары, ұжым арасында сыйлы маман ретінде балабақша тәрбиеленушілерінің денсаулығы мен қуанышты көңіл күйіне күн сайын өз үлесін қосып келеді. Ол — балғындардың дәмді әрі пайдалы тағамдармен тамақтануын қамтамасыз етіп, олардың өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып жүрген тәжірибелі маман.

Мемлекет басшысы 2025 жылды – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағаны белгілі.
Бұл шешім еңбек адамының мәртебесін арттыру, қарапайым мамандық иелерінің қоғамдағы рөлін дәріптеу мақсатында қабылданған.
Осы тұрғыдан алғанда, Оспанбаева Асия Нұрпейісқызының еңбегі – адалдықтың, табандылықтың және кәсібіне деген шынайы сүйіспеншіліктің үлгісі.

Осындай еңбекқор жандар – ауыл өмірінің берекесі, ел дамуының негізгі күші.
Олардың маңдай терімен жасалған еңбек – болашақ ұрпаққа өнеге!

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments