Site icon Атамекен

Қарты бар елдің қазынасы бар

Ұзынағаш ауылының қадірменді қариясы, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы, асыл əке, аяулы жар, ардақты атат Қанат Нұршыбекұлы
М А Л А Й С А Р О В Т Ы 26 мамыр – 85 ЖАС мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Қазақтың жыл санауы бойынша 85 жас «жетінші мүшел» болып саналады. Оған жеткен ер адамдарды «əулие ата», «пір ата», «ел атасы» деп те атайды. Біздің əкеміз осы атауларға əбден лайық жан деп есептейміз. Сексен бестің сеңгіріне көтеріліп отырған Қанат əкеміздің өмір жолы – өнегеге толы. Ол кісі
– еліне танымал, туыстарына қамқор, абыройлы азамат. Ол Іле ауданы, Покровка ауылында дүниеге келген. Қажырлы еңбегі арқылы ауыл шаруашылығы саласында аброймен еңбек етіп, биік белестерді бағындырды. Əкесі Нұршыбек Іле ауданындағы Ленинауылдық кеңесіне қарасты Красный Путилов колхозында бригадир болса, анасы Зейнегүл қант қызылшасы алқабында еңбек еткен. 1931-1932 жылдары Жамбыл облысына қарасты Аңырақайелді мекеніне қоныс аударған. Қанат Нұршыбекұлы Красногорск ауыл шаруашылығы механикаландыру техникумын аяқтап, Қарағанды облысына жолдамамен аттанып, 1960 жылы Ұлытау ауданындағы «Амангелді» совхозында, жаңадан құрылғантың астық фермасында еңбек жолын бастады. Кейін Іле ауданының комсомол колхозында автомеханик болып қызмет атқарды. Осы еңбегі бағаланып, 1963 жылы Алматы қаласы Октябрь ауданынан қалалық кеңестің халық депутаты болып сайланды. Содан кейін Қарағанды облысы, Қарқара ауданындағы Амангелді совхозында егін ору науқанына қатысып, қажырлы еңбек етті.1968 жылы «Машина-трактор паркін пайдалану» тақырыбында диплом жұмысын қорғап, инженер-механик мамандығы бойынша диплом алып, кəсіби жұмысын жалғастырды. 1969 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты Дегерес совхозына бас инженер болып тағайындалды. Бұл совхозда М.Қалтаев, М.Дробинясты, А.Пугачев, Ш.Тілепбаев, Б.Урпеков, Е.Акимбаев, С.Боранбаев, Т.Каиров, Б.Отарбаев сынды тəжірибелі мамандармен бірге аянбай еңбек етті. 1980 жылы Жамбыл аудандық ауыл
шаруашылығы техникасының директоры қызметін абыроймен атқарды. Бұл кезеңде тұрғын жəне өндірістік ғимараттар жəне тұрғын үйлер салумен де айналысты. 1984 жылы ауданға Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің біріншіхатшысыД.А.Қонаев іссапармен келген сəтте, облыстық жəне аудандық партия комитетінің басшыларымен қатар қызметте жүрді. 1986 жылы республика бойынша аудандық агроөнеркəсіптік бірлестіктер (РАПО) ұйымдастырылып, Қанат Нұршыбекұлын аудандық бірлестік төрағасының орынбасары етіп тағайындады. 1991 жылы құрылған «Казсельхоз» техникаларын жөндеу жəне материалдықтехникалық қамтамасыз ету базасына (МТС) директор болды. Саналы ғұмырында сіңірген еңбегі үшін көптеген Алғыс хат жəне Құрмет грамоталарымен марапатталды. 1990 жылдары ел нарықтық экономикаға бет бұрғанда шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамытуға белсене қатысып, «Қосалқы бөлшектер» ЖШС директоры ретінде аудан экономикасының қарқынды дамуына өзінің
өлшеусіз үлесін қосты. Қырық жылдан астам уақыт адал еңбек еткен əкеміз 2013 жылы Жамбыл ауданының Құрметті азаматы атанды. Аяулы жары Күлімхан Өзбековнамен бірге ұл-қыз өсіріп, тəрбиелеп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай, ұяда түлетіп, қияға самғатып, білімді де мəдениетті азаматтар етіп, ьел қатарына қосты. Бүгінде ол балалары меньнемере-шөберелерінен ұрпақ сүйіп, бақытты ғұмыр кешіп отырған ардақты отағасы. Біздер əрдайым əкемізбен мақтанамыз! Алла деніне саулық, отбасына амандық берсін! Жүз жасқа жетіңіз, əке!ьАрдақты əкеміз – отбасының ғана емес,тбүкіл əулеттің тірегі, бірліктің ұйытқысы. Оныңтбойындағы мейірім мен парасат, еңбекқорлықьпен кішіпейілділік – кейінгі ұрпақ яғни біздергеь үлгі-өнеге болуда.ьСізге деген əке, алғысымыз шексіз!

Деніңіз сау, сексен бес жастың төрінде көңіліңіз көтеріңкі болып, немерешөберелеріңіздің қызығын көріп, жыр алыбы Жамбыл баба жасына жетіңіз демекпіз.

Ізгі тілекпен: Балалары, немерешөберелері, туған-туыс, бауырлары мен келіндері.

Exit mobile version