Site icon Атамекен

Қарты бар елдің қазынасы бар

Жыр əлемінің шынайы жанашыры, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Алдаберген Сақыпбайұлы ОҢҒАРБАЕВ 80 ЖАСҚА толып отыр. Көпшілікке кеңінен танымал Алдаберген ақсақал – поэзияны жанымен ұғып, жүрегімен сезінетін қаламгер. Өлеңге деген сүйіспеншілігі бала жастан басталып, алғашқы жырлары аудандық газет
бетінде жарық көрген. Сол кезден бері оның поэзиясы оқырман жүрегіне жол тартып келеді Ақынның «Мөлдір махаббат тамшылары», «Өлеңім – өмір өрнегім» атты жинақтары – оның өмірлік тəжірибесі мен шығармашылық ізденісінің нəтижесі. Бұл еңбектерде туған жерге, елге деген махаббат, табиғатқа тағзым, адамзат болмысының терең иірімдері көркем тілмен кестеленген. Əсіресе, жыраулық поэзия дəстүрін заманауи мəнермен сабақтастырып, ұмыт бола бастаған сөздерді тірілтуі – оның сөз өнеріне деген зор құрметінің көрінісі.  Көп балалы əке, өнегелі отбасының тірегі ретінде де Алдаберген Сақыпбайұлы көпке үлгі. Жан жары Күлəш апамен бірге ұл-қыз өсіріп, оларды ұясына қондырып, бүгінде немерешөбере қызығына кенеліп отырған ақсақал – ел ішінде абыройлы тұлға. Өмірден түйгенін, өлеңмен өрнектеп, ел-жұртына рухани азық ұсынып келе жатқан қарымды қалам иесі. Алдаберген САҚЫПБАЙҰЛЫ!
Сіздің өміріңіз – халқымыздың бай рухани тқазынасымен сабақтасып жатқан өнегелі ғұмыр. Сіз сынды қарияларымыз – елдің рухани тірегі, абыз ақылшысы. Өлеңмен өрілген өмір жолыңыз, қаламыңыздың ұшымен жазған сүбелі сөздеріңізтəлі де талай жүрекке жол табары анық.Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, сарқылмас шабыт тілейміз! Ұрпақ қызығын көріп, ел ішінде аман-есен жүре беріңіз! Əрбір атқан
таңыңыз қуаныш пен шаттыққа толы болып, шығармашылығыңыз биіктей берсін! Қаламыңыз мұқалмасын, жазарыңыз көбейсін!

Құрметпен: жақындары, қаламдас əріптестері, жырсүйер қауым мензамандастары

Exit mobile version