Жамбыл ауданының Қастек ауылында өткен кездесуде тұрғындарға жаңа Конституция жобасының әлеуметтік және құқықтық бағыттары кеңінен түсіндірілді.
Коалиция өкілдері құжаттың жаңартылған нұсқасында Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретіндегі мәртебесі нақты айқындалатынын атап өтті. Сондай-ақ азаматтардың заң аясында тегін медициналық көмек алу құқығы сақталатыны ерекше айтылды.
Коалиция мүшесі Махаббат Бигелдиев әлеуметтік саясаттың маңызын атап өтті:
«Әлеуметтік мемлекет ұғымы – жай сөз емес, бұл мемлекеттің халық алдындағы нақты жауапкершілігі. Медициналық қызметтің қолжетімді болуы мен әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы барлық азаматтарға тең дәрежеде қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа Конституция осы қағидаларды нақты құқықтық деңгейде бекітеді», – деді ол.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өз сұрақтарын қойып, пікір алмасуға белсенді қатысты.
Қастек ауылында Конституция жобасы талқыланды

