Site icon ATAMEKEN

Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Бочарованы қабылдады

 

🔹Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесті. 

🔹Мемлекет басшысы Ұйымның гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған заманауи, беделді әрі тиімді құрылым ретінде қалыптасуы аса өзекті екенін атап өтті. 

🔹Әңгімелесу барысында білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. 

🔹Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде Ұйымға мүше барлық елдердің мүддесіне тең қараудың маңызына назар аударды. 

🔹Президенттің пайымдауынша, тіл саясиландыратын мәселе емес, керісінше адамдарды біріктіруге, өзара түсіністікке қызмет етуге тиіс. 

🔹Наталья Бочарова Ұйым қызметіне қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, алдағы даму жоспары туралы мәлімет берді. 

t.me/aqorda_resmi

Exit mobile version