Қоғамдық қауіпсіздік ең алдымен әрбір аула мен көшедегі тәртіптен басталады. Сондықтан тұрғындардың өз аумағына жауапкершілікпен қарауы маңызды.
Көшелерді жарықтандыру, аулаларды абаттандыру, бейнебақылау жүйелерін пайдалану және құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары қауіпсіз ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.
Тұрғындар кез келген күдікті жағдайды байқаса, тиісті қызметтерге хабарлауы керек. Белсенді азаматтық ұстаным – құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді тетіктерінің бірі.

