Пятница, 19 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтар«Қаңтар оқиғасы»: қызыл жалын - қызметтік міндетке кедергі емес

«Қаңтар оқиғасы»: қызыл жалын — қызметтік міндетке кедергі емес

 

«Қасіретті қаңтар» халық есінде мәңгі қалған оқиға. Дүниенің бір сәтте астаң-кестеңі шықты. Республикадағы алдыңғы қатарлы шаһар тұрғындарының тыныштығы, қала келбетінің әсемдігі бұзылды. Бұл жағдай Алматы облысының орталығында да орын алды. Бірнеше мемлекеттік меншіктегі ғимараттарға залал келтірілді. Туған елінің ертеңімен, бүгінгі бағындырған белесінің бағасына жетпегендер наразылық әрекетке барды. Осы кезде құқық қорғау органдары мен ТЖ қызметкерлері ержүректілік танытып, Отан алдындағы антына адалдығын көрсетті.
Естеріңізде болса, Облыстық әкімдіктің ғимаратының күлін көкке ұшыру мақсатында, 5 рет өрт қойылған болатын. Сын сағатында Алматы облысы ТЖД қызметкерлері басын қатерге тігіп, тілсіз жауды сөндіріп, адамдарды құтқаруғада бар күшін салды.
Оның мамандығы, сайып келгенде заң алдындағы міндеті десеңізде, бұл кезде өз борышын қалтқысыз орындау тәжірибелі маманның өзіне оңайға түскен жоқ. Өйткені, Тәртіпсіздікті қолдан жасап, басыздық әрекеттке барғандар өрт сөндіру көлігін шайқап, ТЖ қызметкерлерін қарумен қорқытып, тіпті тас та лақтырып, бір сөзбен айтқанда олардың жұмыстарын орындауына қолдан келгенше кедергі жасап бақты. Қызыл жалынның қас-қағым сәтте бар аумақты шарпитынын ескерсек, ТЖ мамандары үшін ол кезде әр секунд маңызды еді.
Облыстағы бас ғимараттың алғаш рет өртке орануы 5 қаңтар күні, сағат 18-00-де орын алды. Тілсіз жауды ауыздықтауға Талдықорған қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері келді. Олар-қызметінің қыр-сырын меңгерген, мамандығының отына күйіп, суығына тоңған, әбден ысылған. Соның арқасында, қауіпті сәтте сабырлылық танытып,асқан ептілікпен міндеттерін толық орындап шықты.
Қою түтін, қолқаны алатын ыс, денеңді күйдірген жалын, айтудың өзі тілге ауыр. Ал олар қауіппен бетпе-бет келді. Бірақ еңсерді. Төтеншеліктердің қырағылы мен бірлігінің арқасында 3 отбасының асыраушысы, үш бірдей полицей ажалдан аман қалды. Өрт сөндірушілер полиция қызметкерлерін жабық тұрған бөлмеден тапқан. Бекітулі тұрған есікті бұзып ашқан төтеншеліктер, ысқа тұншыққан азаматтарды сыртқа алып шығады. ТЖ мамандары оларды сақина тәріздес шеңберге алып, лаңкестердің зияны тимеуі үшін қорғады.
Бүлікшілер облыс әкімдігін талқандаған соң, бесінші рет өртеп жіберді. Өрт ғимараттың орталық бөлігінің 6 қабатын бірден жайлады. Ғимараттың қасбетіндегі шыны әйнектер от пен судың әсерінен жарылып, төмен құлдырады. Бұл жеке адамның өміріне тікелей қауіпті еді. Бірақ өрт сөндірушілер шегінбеді және қызметтік міндеттерін орындады. Бұл әрекеттерін ерлікке жатқызбау мүмкін емес.
Ел басына күн туғанда қара басын күйіттеп, жан амандығын алдыңғы орынға шығарған жоқ. Олар Отанын бәрінен биік қойды. Сондықтанда, білікті батырлардың ерлігі ел есінде мәңгі қалары сөзсіз.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments