Пятница, 29 марта, 2024
Басты бетЖолдауға-қолдауҚолдану аясы кеңейіп келеді

Қолдану аясы кеңейіп келеді

Соңғы уақытта ел ішінде біздің билік қазақ тілінен орыс тілін жоғары қойып, өз ана тілін менсінбейді деген алыпқашпа əңгіме айтылып жүр. Соны халыққа дəлелдеу үшін түрлі жағымсыз бейнелерді бір-біріне жарыса таратып жатқандардың қарасы толастар емес. Осы өтіріктердің шындыққа жанаспайтынын білсе де кейбір адамдар бұған шынымен иланады. Иланып қана қоймай, расымен солай екен деп ой түйеді. Тіпті, ана тіліміздің болашағы бұлыңғыр деп аттандауға бейім тұрады. Асылы, бұл айтқан əңгімелердің бірі де шындыққа жанаспайды. Еліміздің қай мемлекеттік мекемесіне барсақ та іс-қағаздар қазақ тілінде жүргізіліп жатқанын көреміз. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биыл халыққа арнаған «Халық бірлігі жəне жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында тайға таңба басқандай етіп анық айтты. Мəселен, Президент: «Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала береді. Бұл салада айтарлықтай нəтиже бар. Қазақ тілі, шын мəнінде, білім мен ғылымның, мəдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда.

Жалпы, мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді. Бұл – заңды құбылыс, өмірдің басты үрдісі. Сондықтан, қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ.

Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі. Орыс тілі ресми тіл мəртебесіне ие. Біздің заңнамаға сəйкес, оның қолданылуын шектеуге болмайды.

 Болашағын Отанымызбен байланыстыратын əрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс. Бұл отаншылдықтың басты белгісі деуге болады», – деді.

Яғни, тəуелсіз қазақ елінің қандай да бір өкілі өзінің болашағын Отанымызбен байланыстырғысы келсе, ол міндетті түрде қазақ тілін білуі керек. Сондай-ақ, ана тіліміздің қолдану аясы да жыл санап кеңейіп келе жатқаны қуантады. Оған мысал аз емес. Қазіргі таңда елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстар өкілінің көбісі қазақ тілінде еркін сөйлейтін жағдайға жетті. Қазақстанда туыпөскен кез келген азамат қазақ тілін жақсы түсінінетіне еш күмəніміз жоқ.

Елімізде цифрлы жүйені қолданатын халықтың санының артуына байланысты да кейбір смартфон мен компьютерлік бағдарламалар сауатты түрде қазақ тіліне аударылып, қолданылу үстінде. Бұл дегеніңіз қазақ тілінің елімізде ғылым мен білім саласын дамытуда алдыңғы шепте тұрғанының бір көрінісі. Алдағы уақытта ана тілінің қолданылу аясы бұдан да кеңейе түседі деген ойдамыз.

Е.ЕРКІН.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments