Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Таза аула» байқауының үшінші кезеңі өз мәресіне жетті.
Байқаудың басты мақсаты — тұрғындарды туған жерінің тазалығына бейжай қарамауға шақырып, өз аулаларын күтіп-ұстауға ынталандыру. Бұл бастама Қонаев қаласын көркейтуге бағытталған маңызды экологиялық жобалардың бірі саналады.
Қорытынды іс-шара барысында абаттандыру мен тазалық сақтау ісінде ерекше белсенділік танытқан бірқатар азаматтарға Алматы облысы әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.
Марапат иелерінің қатарында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кооперативтер мен сервистік компаниялардың өкілдері бар. Олардың еңбегі қаладағы тазалық пен тәртіпті сақтауда айрықша рөл атқарады.
Сонымен қатар «Таза аула» байқауының жеңімпаздары анықталды:
* 3-орын – «Спутник» шағынауданындағы №4/1 көпқабатты тұрғын үй тұрғыны Алия Абишева 100 000 теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды;
* 2-орын – 2-шағынаудан, №35 үй тұрғыны Юлия Абдрахманова 200 000 теңге көлеміндегі сертификат иегері атанды;
* 1-орын – 1-шағынаудан, №22 үй тұрғындары Малика Тагирова Аскаровна мен Елена Позднякова бас жүлде – 300 000 теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды.
