Пятница, 11 июля, 2025
Басты бетЖаңалықтарҚонаев қаласында шетелде жұмыс істеуге ниетті азаматтарға кеңес беру орталығы жұмыс істейді

Қонаев қаласында шетелде жұмыс істеуге ниетті азаматтарға кеңес беру орталығы жұмыс істейді

Қонаев қаласында Халықаралық көші-қон ұйымының қолдауымен еңбек мигранттарына арналған жаңа кеңес беру орталығы өз жұмысын бастады. Жоба қалалық мансап және облыстық еңбек мобильді орталығының бірлесуімен жүзеге асып отыр. Мақсаты – шетелде жұмыс істеуге ниетті азаматтарға толыққанды ақпараттық кеңес көрсету, олардың қауіпсіз әрі заңды жолмен еңбек нарығына шығуына көмектесу.

Аталған орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы қатысып, жобаның ел азаматтары үшін маңыздылығына ерекше тоқталды.Айтуынша, бұл орталық кеңес берумен ғана шектелмей, азаматтардың құқықтық сауатын арттырып, шетелдегі өмірге бейімделу және кәсіби даму бағытында нақты қолдау көрсететін орталыққа айналады.

– Бүгінгі таңда шетелге жұмысқа кетуді қалаушылар саны артып келеді. Алайда кейбір азаматтар алаяқтардың арбауына түсіп, заңсыз делдалдардың құрбанына айналып жатады. Бұл орталық осындай қауіптің алдын алуға бағытталған нақты қадам. Шетелге шыққыcы келген азамат жұмысқа қалай орналасуға болатынын, қандай құжаттар керегін, қандай көрсетілетін қызметтерге қанша төлемақы төленетінін, сайттарда құжат рәсімдеу жайлы кеңес ала алады., – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова.

Ашылу рәсімінен кейін облыстық еңбек мобильді орталығының басшысы Абылай Жұмабекұлы келген қонақтарды мекеменің қызметімен таныстырып, кеңсе ішін аралатып шықты. Ол өз сөзінде орталықтың шетелге кетуге бел буған әр азаматқа сенімді серік болатынына сенім білдіріп, бұл бастаманың қауіпсіз көші-қонды дамытудағы рөлін атап өтті.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments