Конституцияның жаңа редакциясында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қалай қамтамасыз етіледі» тақырыбында мазмұнды әрі кеңейтілген кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мән-маңызын түсіндіру, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытында қабылданған жаңа тетіктерге жан-жақты тоқталу болды.
Жиын барысында Конституцияның жаңа редакциясында адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы ретінде айқындалып, оларды қорғау кепілдіктері күшейтілгені атап өтілді. Атап айтқанда, заң үстемдігін қамтамасыз ету, сот төрелігінің тәуелсіздігін нығайту, Конституциялық Сотқа тікелей жүгіну мүмкіндігінің енгізілуі, адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының мәртебесін арттыру секілді маңызды өзгерістер кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, қоғамдық бақылау тетіктерін жетілдіру мәселелері қозғалды. Бұл өзгерістердің барлығы қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді арттыруға, әділетті әрі құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға бағытталғаны айтылды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, тұрғындар өздерін алаңдатқан сұрақтарын қойып, нақты әрі толыққанды жауаптар алды. Қатысушылар Конституциялық реформалардың маңыздылығын атап өтіп, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы осындай кездесулердің қажеттілігін білдірді.
Қопа бекетінің тұрғындарымен «Адам құқықтары мен бостандықтары:

